Ораза бойы "Отыз күнге – отыз уағыз" атты онлайн жоба дәрістері жүреді

/image/2020/04/21/crop-46_2_561x1087_03_ydywo5p.jpg

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы "Карантин жағдайындағы Рамазан" тақырыбында өткен баспасөз конференциясында Рамазан айына жоспарланған шаралар туралы айтты, деп хабарлады ҚМДБ баспасөз қызметі.

– ҚМДБ-ға қарасты "Хикмет ТВ" студиясы арқылы 30 күн ораза бойы білікті имамдарымыз бен ұстаздарымыздың қатысуымен "Отыз күнге – отыз уағыз" атты онлайн жоба дәрістері жүргізіледі. Бұл жоба үйден шықпай, маңызды әрі ғибратты тақырыптар төңірегінде білікті дін қызметкерлері мен ғалымдардың насихатын тыңдауға мүмкіндік жасайды", – деді бас мүфти.

Наурызбай қажы сондай-ақ оразада онлайн хатым оқылатынын хабарлады.

– "Хикмет ТВ" студиясы арқылы Рамазан айында күн сайын Республикалық "Әзірет Сұлтан" мешітінде бір сағат арнайы онлайн-хатым оқылып, қасиетті Қадыр түнінде Құран Хатым дұғасы жасалады. Сондай-ақ muslim.kz инстаграм парақшасы арқылы онлайн режимде "Әзірет Сұлтан" мешіті имамдары күнделікті "Батамен ел көгерер" атты дұға жасау рәсімі ұйымдастыратын болады, – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Баспасөз конференциясында наиб мүфти Ершат Оңғаров ҚМДБ Төралқа мәжілісінде пітір садақасы мөлшері 370 теңге болып бекітілгенін атап өтті. Сонымен қатар зекет пен пітір садақасын онлайн режимде беруге болатынын жеткізді.

 

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи